Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы мониторингтік іс-шаралар шеңберінде Мамлют ауданының 7 мектебінде болып қайтты: Андреевка ОМ, Бостандық ОМ, Бексейіт ОМ, Минкесер ОМ, Новомихайловка ОМ, Афонькин ОМ және Становое ауылындағы бастауыш мектебінде.
Мектептердің жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен, санитарлық тораптардың жай-күйімен, ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен, қазандықтардың жай-күйі, жиһаз, жабдық сатып алу, асханалардың жай-күйі, сондай-ақ балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруымен танысты.
Мамлют ауданының білім бөлімінің басшысы Мұрат Игібайұлы Ташмағанбетовтың ақпараты бойынша биыл тек Минкесер орта мектебінде күрделі жөндеу жоспарланған, бұл жөндеу екі жылдық, биылғы жылы жылу жүйесін, жарықтандыруды, шатырын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мектептің бір қанатында әрлеу жұмыстары басталғаны туралы мәлімдеді.
Мектеп директорының міндетін атқарушы Нұрмағамбет Дана Думанқызының айтуынша, жұмыстар мердігерлік ұйымдастыру талонға сәйкес басталды, емтихан тапсыру үшін мектепті бітіру сыныптары ауылдың мәдениет үйінің ғимаратына ауыстырылды, ата-аналармен бұрын түсіндіру жұмыстары жүргізілді, балаларға барлық жағдайлар жасалған.
Департамент басшысы Андреевка ОМ-нен басқа барлық мектептерге (мектеп маңайындағы дәретханалар жойылған ) балалардың қауіпсіздігі үшін сыртқы (дала) дәретханаларын жою бойынша ұсыныстар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1016777?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау