Кәсіби мереке — Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі саланың үздік өкілдерінің бірі — Жамбыл облысы бойынша ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиал басшысы Бахытжан Пернебайұлы Мақұлбековті «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
Бұл жоғары марапат — саналы ғұмырын медицинаға және адам өмірін сақтап қалуға арнаған Бахытжан Пернебайұлының бірнеше жылғы адал еңбегінің мойындалуы. Оның кәсіби жолы — өз ісіне деген шынайы беріктіктің, жоғары жауапкершілік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі.
Басшы ретінде ол Жамбыл облысында медициналық көмектің заманауи әдістерін, соның ішінде эндоскопиялық хирургияны енгізіп, емдеу сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға ықпал етті. Бахытжан Пернебайұлы жаңа технологияларды тәжірибесінде белсенді қолданумен қатар, жас мамандармен тәжірибесін бөлісіп, олар үшін үлгі тұтарлық тәлімгер, еңбекқорлық пен кәсібиліктің жарқын бейнесі бола білді.
Көпжылдық тәжірибесі мен мол біліміне қарамастан, Б. П. Мақұлбеков үнемі өзін дамыту үстінде — білім алып, медициналық тәжірибеге жаңашыл тәсілдерді енгізуде. Оның өмірлік жолы — үнемі даму, өз кәсібіне адалдық және халықтың денсаулығына деген терең жанашырлық жолы.
Бахытжан Пернебайұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, осындай маңызды да игілікті қызметте жаңа табыстар тілейміз!
Жамбыл облысы ИЖ және СКТ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1017320?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау