ҚР Тұңғыш Президенті саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын өтті
Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
Ең әуелі аймақ басшысы сөз алып, ізгі тілегін білдірді.
– Бұл күн — халқымыздың бірлігін, Тәуелсіз еліміздің тұғырын айқындайтын айрықша мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — біздің егемендігіміздің нышаны, ұлт рухының көрінісі. Біз бірлігіміз бен татулығымыздың арқасында тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосып келеміз. Рәміздер — осы жолдағы берік сенім мен мақтаныштың символы.
Егемен еліміздің байрағы көкте желбіреп, Елтаңбамыз төрде орнығып, Әнұранымыз шырқалғанда, толқымайтын жан, селт етпейтін көңіл жоқ шығар, – деген Ербол Шырақпайұлы патриотизмді нығайтуға және облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.
Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1012198?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау