ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МОНИТОРИНГКЕ ШЫҚТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева мен бірқатар депутаттар Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарында болып, бюджеттен қаржы бөлінген әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көріп, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Депутаттар ең алдымен Ескелді ауданындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қарабұлақ орта мектебіне барды. Бүгінде «Нұр-Шапагат-құрылыс» мердігер компаниясы жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Өткізу мерзімі қазан айына жоспарланғанымен жаңа оқу жылына дейін барлық жұмыстарды толықтай аяқтауға тырысамыз дейді мердігер компания басшысы.
Екінші нысан – күніне 45 адам қабылдауға арналған Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Түрлі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген кабинеттер жергілікті жердегі медицинаның жаңа деңгейге көтерілгендігін көрсетеді. Сондай-ақ, аталған мекемедегі тың жаңалықтардың бірі әр кабинет сыртында орналасқан QR кодтар. Бұл код арқылы әрбір келуші кабинетте көрсетілген қызмет сапасын бағалай алады. Жаңа жүйе көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін өте тиімді әдіс.
Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған Жастар ауылындағы ФАП-қа да бардық. Бүгінде «Жаркент алғыр» мердігер компаниясы қасбетін әрлеу, терезе монтаждау, электр монтаждау, жылу жүйесін монтаждау сынды жұмыстарды жүргізуде. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Дәл осындай ФАП құрылысы Елтай ауылында да бастау алған. Күніне 25 адамға дейін қабылдайтын амбулаториялық орталықтың құрылыс жұмыстарын «ЖетісуКазСтройСервис» мердігер компаниясы жүргізуде.
Депутаттар Ескелді ауданындағы жұмыс сапарын Бақтыбай ауылындағы 600-ден астам оқушы білім алатын Сейфуллин мектебімен қорытындылады. Мамыр айында басталған жұмыс 12 айға созылады деп жоспарланған. Депутаттар қыста балаларды тасымалдауда қиындықтар туындамас үшін негізгі жұмысты қараша айына дейін аяқтауды ұсынды.

Әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстары Көксу ауданында жалғасын тапты.

Мәслихат депутаттары ең алдымен Бесқайнар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмыстарымен танысты. «МВМ Construction» мердігер компаниясы салып жатқан нысандағы құрылыс қарқынды.
Одан әрі Бозтоған ауылындағы Мұсабек мектебіне барды. «СП NEFT» мердігер компаниясы жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары келер жылға өтпелі. Бүгінде ғимаратты монтаждау-80%, шатырды монтаждау – 50%, су құбыры мен кәріздің ішкі желілері – 20%-ға аяқталған.

Келесі кезекте Қызылордалық «Люкс-Сервис» мердігер компаниясы салған нысан – Жетіжал ауылдық дәрігерлік амбулаториясына барды. Аталған нысанда барлығы заманауи құралдармен қамтамасыз етілген. Тек ғимарат алдындағы ауыр көліктер өтуінің салдарынан бұзылған зағип жандарға арналған жолақтарды жөндеу бойынша ескертпе айтылды.
Әрбір мердігер ұйым үш жыл ішінде кепілдік міндеттемелерін орындайды. Бұл дегеніміз, егер қандай да бір кемшіліктер анықталса, олар осы кезеңде орындалған жұмыстардың сапасына жауап береді. Осылайша, кемшіліктерді түзетуге қосымша шығындарды болдырмау үшін олар бастапқыда жұмысты сапалы орындауға тырысатыны анық. Барлық нысан депутаттардың тікелей бақылауында.

Депутаттар Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандарға да мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Қаратал ауданындағы жұмыс сапары Тастөбе ауылындағы Жамбыл орта мектебінен басталды.
«Нұр-Шапағат-Кұрылыс» мердігер компаниясы жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Өткізу уақыты қазан айында болғанымен мердігер компания басшысы оқу жылы басталмай аяқтап беруге тырысамыз дейді. Бүгінгі таңда ғимарат 45 пайызға дайын.

Одан әрі Қанабек, Оян, Ортатөбе ауылдарындағы фельдшерлік акушерлік пункт жұмыстарымен танысты.
Ғимараттарда жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде. Жауапты мердігер компаниялар нысандарды уақытылы аяқтайтындарына сенімді.

Облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат депутаттары және ауыл әкімдерімен бірлесе отырып құрылыстың барысын толықтай бақылауда ұстайтын болады. Халық игілігіне берілетін әлеуметтік нысандардың сапалы болуы үшін қолданысқа берілген уақытқа дейін осындай мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1017327?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version