Өкіл Жамбыл облысы прокурорының төрағалығымен өткен «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы прокурорының төрағалығымен жергілікті атқарушы, арнайы және құқық қорғау органдары басшыларының, мәслихат депутаттарының, бизнесмендердің, үкіметтік емес ұйым белсенділерінің, журналистердің, еріктілердің, педагогтардың, спортшылардың және өңір тұрғындарының қатысуымен «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, есірткі және алаяқтықпен күресу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ облыс тұрғындарын осы жұмысқа тарту шаралары талқыланды.

Отырыс барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы баяндама жасады.

Іс-шараның соңында қылмысқа қарсы күресте белсенді қатысқан арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлер, журналистер, педагогтар, спортшылар және өңір тұрғындары прокурор тарапынан алғыс хаттарымен және «Ең қауіпсіз ауылдық округ», «Үздік психолог», «Үздік учаскелік инспектор», «Үздік адал кәсіпкер», «Үздік ерікті», «Үздік тергеуші» және «Үздік жедел уәкіл» номинациялары бойынша жеңімпаздарға естелік кубоктармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1017417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version