Түркістан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жедел уәкілдері мен Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Бұл шараның мақсаты – тұрғындарды интернет-алаяқтықтың қаупі туралы хабардар ету және оларды сақтық шараларымен таныстыру. Осыған орай кентаулық сақшылар халық көп шоғырланатын орындарда күнделікті ақпараттық ескерту жұмыстарын ұйымдастырып, 1000-нан астам жадынама таратты.
Полицейлер аталған шаралардың азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және алаяқтардың арбауына түспеу үшін үлкен ықпал ететініне сенеді. Интернет алаяқтықтың алдын алу – бұл тек полицияның міндеті емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1016583?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау