Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар жер кезегі, жол салу, қураған талдарды кесу және қаңғыбас иттерді құрықтау, қоғамдық көлік бағытын ұзарту
бойынша сауалдар қойды.
Сонымен қатар демалыс аймақтарын ашып, туризмді дамыту, «Тектұрмас» кешені бойында, «Жеңіс» саябағында сауда жасауға рұқсат беру туралы мәселелер көтерді.
Қала тұрғындарының сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы әрбір сұрақ зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1017382?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау