Қонаевтағы жағажайларда тазалық жұмыстары қалай жүруде?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаевта демалушылар мен тұрғындар үшін жайлы демалыс орындарын құрып, жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Бүгін соның ең маңыздысы – тазалық жайлы айтатын боламыз.

«Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК мамандарының сөзінше, 6-7 жағажайларды тазалауға күнделікті 10-нан астам қызметкер, кемінде 3 техника жұмылдырылады.

«Қоқыс жинау, сыпыру, арықтарды тазалау, жәшіктерді босату секілді жұмыстар таңғы сағат 05.00-ден басталып, кешкі 20.00, кейде 19.00-ге дейін жалғасады. Жұмыс күндері 8 тонна, демалыс күндері 15 тоннадай қоқыс шығарылады. 10 үлкен контейнер, 60 бөшке қойылған. Сондай-ақ жағажайда қоқыс жәшіктері де орналастырылған», – деп жазды мекеме өкілдері.

Ал №5 жағажайда көгалдандыру, сыпыру, қоқыс жинау секілді жұмыспен күнделікті 15 адам айналысады. Жағажайда 30-дан астам контейнер, бөшке бар. Су қоймасын жағалай қоқыс жәшіктері де орналасқан. Бұл жерден күнделікті 4-5 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады, демалыс күндері қоқыс тіптен көп болады.

Мамандар демалушылар мен тұрғындарды қоқысты арнайы орындарға тастап, тазалық сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1017310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version