Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай өңірдің ТЖД қызметкерлері еліміздің туын, елтаңбасын және әнұранын, сондай-ақ олардың қалыптасуына байланысты тарихи кезеңдерді білуге арналған тақырыптық викторинаға қатысты.
Патриоттық іс-шара жылы атмосферада өтті. Қатысушылар – гарнизонның түрлі бөлімшелерінің өкілдері – мемлекеттік рәміздер, ұлттық тарих және заңнамалық негіздер мәселелерінде терең эрудицияны көрсетті.
Викторина бірнеше турдан тұрды.
Қазылар алқасы жауаптардың дұрыстығын ғана емес, сондай-ақ пайымдаудың қисындылығын, командалық рухын, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білуін де бағалады. Викторина қорытындысы бойынша естелік грамотамен марапатталған жеңімпаздар анықталды.
Мемлекеттік рәміздер күні – бірліктің, абырой мен жауапкершіліктің қандай ту астында өмір сүріп, қызмет етіп жатқаныңды түсінуден басталатынын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1012258?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау