ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті және Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілетін республикалық жастар әлеуметтік бейнероликтер байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқау тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықсыз білім – біздің болашағымыз»
Қатысушылар: 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтары — жеке де, шығармашылық топ құрамында да қатыса алады.
Өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау: 2025 жылғы 13-25 маусым аралығында поштаға konkurs.kokshetau@gmail.com
Техникалық талаптар:
– Формат: mp4
– Шешімі: 1920×1080 пиксель
– Ұзақтығы: 60–200 секунд
– Файл көлемі: 300 МБ-тан аспауы тиіс
– Субтитрлер: қазақ және/немесе орыс тілдерінде
– Міндетті түрде көрсетілуі керек: бейнеролик атауы, автордың аты-жөні мен жасы
Номинациялар:
▪️ Үздік әлеуметтік бейнеролик
▪️ Ең креативті идея
▪️ Үздік әлеуметтік үндеу
Жүлделер тұрмыстық немесе кеңселік техникаға арналған сертификаттар түрінде беріледі
I орын – 500 000 ₸
II орын – 400 000 ₸
III орын – 300 000 ₸
Бейнематериалдарда келесі мазмұндарға қатаң тыйым салынады:
– ҚР заңнамасын бұзу;
– Бейәдеп сөздер, балағаттау, дискриминация;
– Зорлық-зомбылық, ЛГБТ, есірткі, алкоголь, темекі насихаты;
– Діни үгіт немесе сенімдерге қарсы мәлімдемелер;
– Авторлық құқықты бұзу;
– Бұрын басқа байқауларға қатысқан бейнероликтер.
Анықтама телефоны: +7 706 689 9094
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1017113?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау