САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында ауылдық округтің ішкі көшелеріне жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады. Құрылыс алаңында аудан басшысы мердігерге асфальт жамылғысын сметалық құжаттамаға сәйкес төсеуді және жұмыстарды жоспарға сай мерзімінде сапалы аяқтау қажет екенін атап өтіп, ауылдық округ әкіміне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Дарбаза елді мекеніндегі Амангелді және А.Оразбаева көшелеріне «Ауыл- ел бесігі» ұлттық бағдарламасы аясында асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары басталған. Оған қоса, Ш.Берсиев, Ш.Калдаяков, С.Ерубаев көшелеріне жергілікті бюджет есебінен орта жөндеу жұмыстары жүргізу қарастырылған. Жол жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «АРТД ГРУУП» ЖШС-і.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1017399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version