Азаматтық қорғау жүйесінде мақтанышпен айтуға тұрарлық ерекше құндылық бар – бұл өмірін бір мамандықпен байланыстырған отбасылар. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың отбасылары – борышқа адалдықтың, жауапкершіліктің және бір-бірін шынайы қолдаудың символы. Осындай берік әрі шабыттандыратын отбасының жарқын үлгісі – Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жас қызметкерлері, ТЖМ РҚ жүйесінде еңбек ететін Мадияр мен Самал Сейтнуровтар.
Мадияр – Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері. Самал – Кадрлық және тәрбие жұмыстары басқармасының аға инспекторы.
Олардың кәсіби жолы Департамент қабырғасынан басталды: 2022 жылы екеуі де жеке еңбек шарттарымен қызметке кірісті. Ал 2023 жылы аттестациядан өтіп, Мадияр Қонаев қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, Самал сол бөлімде өрт сөндіруші-құтқарушы (радиотелефонист) болып тағайындалды. Қызметтің алғашқы күндерінен бастап олар ортақ тіл табысып, бір мақсатқа ұмтылған жанашыр әріптеске айналды. Ортақ міндеттер, кәсіби өсуді көздеген талпыныс және адал қызмет ету – олардың берік қарым-қатынасының негізіне айналды.
Уақыт өте келе іскерлік қарым-қатынас достыққа, ал достық – шынайы сезімге ұласты. Біраз уақыттан кейін Мадияр сүйіктісіне ұсыныс жасап, 2024 жылдың көктемінде жас құтқарушылар ресми түрде ерлі-зайыпты атанды.
Бүгінде Мадияр мен Самал қызметін жалғастырып, иық тіресе кәсіби борышын атқарып жүр. Олардың хикаясы – сүйіспеншілік пен өзара қолдаудың азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметті тек маңызды ғана емес, сонымен бірге рухтандырудың айқын айғағы.
«Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына. Жанымызда сүйікті жандар болса, біз мықтырақ, сенімдірек боламыз және кез келген қиындықты жеңе аламыз», – дейді Сейтнуровтар.
Осындай отбасылар – ТЖД-ның шынайы мақтанышы. Олар әріптестеріне шабыт береді, ұжымды нығайтады және дәлелдейді: сенімді тірек барда – кез келген сынақтан сүрінбей өтуге болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1017139?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау