Ұлттық музейде ғалым, ағартушы, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрме Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Ш.Уәлиханов атындағы Алтынемел мемориалдық музейі, Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
«Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге тарих және филология саласының ғалымдары, өлкетанушылар, музей мамандары мен қонақтар қатысты. Көрме 12 шілдеге дейін жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1017097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау