Тараз қаласында «Заң және тәртіп»: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбындағы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров төрағалық еткен жиында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, есірткі мен алаяқтыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және осы жұмысқа өңір тұрғындарын тарту шаралары жан-жақты талқыланды.

Облыс прокуроры өз сөзінде өңірдегі қылмыс мен құқық бұзушылықтарды төмендетуде оң динамика қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ, кеңесте аймақтағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыруға бағытталған «Қоғаммен байланыс», «Қауіпсіз балалық шақ», «Komek Stop Bullying Jambyl» және «Есірткісіз болашақ» секілді прокуратураның жобалары таныстырылды.

«Қоғамдық байланыс» жобасы аясында прокурорлар 10 мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам азаматтарды қабылдау бойынша көшпелі акциялар өткізіп, 100 мыңға жуық тұрғынның өткір мәселелерін шешуге көмектескен. Сондай-ақ кеңесте Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия оқушыларының балалар арасында буллингке қарсы тұруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Qalqan» жобасы таныстырылды.

Кеңес қорытындысымен Нұрғалым Мәжитұлы жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөнінде қосымша нұсқаулар берді.

Іс-шара соңында арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері, еріктілер, педагогтар, спортшылар және қылмысқа қарсы күреске белсенді қатысқан өңір тұрғындары облыс прокурорының Алғыс хатымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1017393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version