2025 жылғы 12 маусымдағы №39
Жәнібек аудандық мәслихатының
кезектен тыс 35 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 35 сессиясы 2025 жылдың 18 маусым күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 11 00 -ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-3 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/press/news/details/1016818?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау