Жетісу облысы Психикалық денсаулық орталығында ашық есік күні өтті: студенттер нашақорлықпен күрес туралы толық ақпарат алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Жетісу облысы Психикалық денсаулық орталығында студенттерге арналған «Бәрін өз көзіңмен көру» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қонақтарға уақытша бейімделу және детоксикация бөлімшесінің, сондай-ақ нашақорлыққа тәуелді азаматтарды оңалту бөлімшесінің жұмысы көрсетілді. Экскурсиядан кейін орталықтың нарколог-дәрігері мен полиция қызметкері студенттерге нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік тақырыптарында дәріс оқып, ашық пікірталас өткізді.

Кездесудің ерекше әсерлі сәті — орталықтың екі пациентінің өз өмірлік оқиғаларымен бөліскен сәті болды. Олар қалай нашақорлыққа тәуелді болып, кейін қандай күрес арқылы бұл дерттен арылғанын баяндап берді. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.

Аталған шара жастардың есірткіге деген көзқарасын өзгертіп, зиянды әдеттердің салдарын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1017357?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version