Жұмыс – отбасының ортақ ісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде кәсіби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан әулеттер жиі кездеседі. Осындай сабақтастықтың жарқын үлгісі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Сұлтанияровтар отбасы.

Династияның негізін қалаған — ІІМ полковнигі, отставкадағы Магаметжан Рахымұлы Сұлтанияров. Ол өртке қарсы қызметке отыз жылдан астам өмірін арнаған жан. Инженерден басқарма басшысына дейінгі еңбек жолы – тек кәсіби өсудің ғана емес, ұлына үлгі бола білген өмір жолы.

2023 жылдан бері әкенің ісін лайықты жалғастырып келе жатқан – азаматтық қорғау саласының кіші сержанты, Есік қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Азиз Сұлтанияров. Жас та жігерлі маман өзін тәртіпті әрі білімді қызметкер ретінде көрсетіп үлгерді. Ол – сенімділік, батылдық пен бастамашылдық танытып жүрген білікті маман.

Азиз те әкесі секілді өз мамандығына шын ниетімен берілген жан. Өрт сөндірушілердің күнделікті тыныс-тіршілігі туралы зор құрметпен және мақтанышпен әңгімелейді. Қауіп-қатер мен қиындықтарға толы бұл кәсіптің қаншалықты маңызды екенін жастарға жеткізуге тырысады. Оның жігері, ашықтығы және заманауи көзқарасы бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты қажет екенін ұғындыруға көмектеседі. Азиз өз мысалымен азаматтық қорғау органдарының қызметкері болу – жай ғана жұмыс емес, үлкен батылдықты, тәртіптілікті және толықтай өзін арнауды талап ететін шынайы мамандық екенін дәлелдеп жүр.

Сұлтанияровтар әулетінің тарихы – бұл тек отбасылық дәстүр ғана емес, бұл – батылдықтың, қызметке деген адалдықтың және таңдаған іске деген беріктіктің жолы.

 

                                                          Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1017285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version