«АМАНАТ» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының шалғайдағы елді мекендеріне қоғамдық қабылдау өткізу мақсатында «АМАНАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 12 маусымында Мақтарал ауданына қарасты Мырзакент кентінде және Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл ауылында азаматтарды қабылдау жиыны өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға Прокуратура, Департамент, Басқарма, ҮЕҰ-ның ресми өкілдері және депутаттар, заңгерлер, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сонымен қатар, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан басшының орынбасары Ибадуллаев Берік Серікбайұлы қатысты.
Аталмыш іс-шараның мақсаты: аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар және елмен етене жақын болу. Жергілікті жерлердегі адамдардың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған мәселелерін шешуге ат салысу, заңға сәйкес түсіндірме беру.
Қоғамдық қабылдауда Берік Серікбайұлы Департаменттің құзырына қатысты азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарында көзделген заңдылықтарына сәйкес түсіндірмелер беріп өтті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау