🔶Маркетплейс арқылы тауар сатып алатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін заңнамаға түзетулер дайындалып жатыр
Электрондық сауда саласының серпінді дамуы жекелеген құқықтық, экономикалық және инфрақұрылымдық сын-қатерлермен ұштасады. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтың айтуынша, Министрліктің атына маркетплейстер арқылы сатып алуға қатысты көптеген шағым келіп түседі. Олар сатушымен кері байланыстың жоқтығына, зияткерлік меншік құқығын қорғауға, тауарлардың сапасына және басқаларға қатысты.
«Ол үшін Министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, Парламент Мәжілісінде электрондық саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған түзетулер қарастырылуда», – деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/1012056?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау