2025 жылғы 6 наурызда азаматтарға мүгедектік белгілеу және қайта куәландыру мәселелері бойынша жиын өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиын барысында мүгедектікті тағайындау рәсімдерін жетілдіру, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және медицина ұйымдарының осы бағыттағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау үдерісін жеңілдету және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Кездесуге бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағалары және сала мамандары қатысты. Олар мүгедектікке шығу процесіндегі өзекті мәселелерді талдап, жүйені оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізді.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version