4-Маусым Мемлекеттік Рәміздер күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 33 жыл толып отыр. 1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз еліміздің төл Туы, Елтаңбасы және Гимні бүкіл халыққа ресми түрде таныстырылған еді. Ал 2007 жылы Мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.

Осы айтулы дата жыл сайын отаншылдық рухта аталып өтіп келеді. Дәстүр бойынша Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігінің басты белгісі. Ол әр азаматқа елін сүю, жерін қорғау және ұлт мүддесін жоғары қою секілді үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан рәміздерге деген құрмет – әрбір қазақстандықтың борышы. Бұл қасиетті ұғымды жас ұрпақтың жадына сіңіру – басты парыз, – деді Найман Сұлтанбаев өз сөзінде.

Мерекелік жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы әсем әндер мен көркем сахналық қойылымдармен өрнектелді. Концерт шымылдығын ҚР мәдениет саласының үздігі Бақытжамал Қосыбаева «Қазағым-ай» әнімен ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1011543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version