2025 жылғы 25 маусым күні сағат 09:00-ге облыс әкімдігінің ғимаратында Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы, сағат 11:00-ге кезекті жиырма сегізінші сессиясының отырысы белгіленді.
Өткізілетін мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, № 8, 5 қабаттағы мәжіліс залы.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08:30-да басталады.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер:
- Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Баяндаушы: Уәли Берік Уәлиұлы– Абай облысының әкімі.
- 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы:
1) Облыстық бюджеттің атқарылуы және Абай облысының 2024 жылға арналған фискалдық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндама.
2) Абай облысының даму бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндама.
Баяндамашы: Уәли Берік Уәлиұлы– Абай облысының әкімі.
3) 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
Баяндамашы: Нариман Бақытұлы Таушов – Абай облысының тексеру комиссиясының төрағасы.
-
- Әр түрлі:
Абай облысы мәслихатының аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1016711?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау