Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі «Қазығұрт» кедендік бақылау аймағына іс-сапармен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерде таралған Шымкент – Сарыағаш бағытындағы кеден бекетінің маңындағы жүк көліктерінің кептелісіне қатысты Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі «Қазығұрт» кедендік бақылау аймағына іс-сапармен барды.

«Қазығұрт» кеден бақылау аймағы және оған жапсарлас Өзбекстан кеден бекеті де қайта жөндеуден өтіп жатыр. Алайда, құрылыс жұмыстары бекеттегі көліктердің шекара асуына кедергі болып жатқан жоқ.

Сонымен қатар, Өкілге жүккөліктерінің жүргізушілері сұхбат барысында, жүргізушілер алдын-ала кезекке тұратындықтарын, алайда кеден бекетінен өту барысында кедендік құжаттарының заңдылығына мән бермей, тауар құжаттары рәсімдеуге қайта жөнделіп келгенше, кеден бекеті маңында шоғырлануларына мәжбүр болатындықтарын жасырмады.

Сол себепті, шекарадан өтетін жүккөлік жүргізушілерінің назарына, сапар алдында шекарадан өтуге қажетті кедендік құжаттардың заңдылығына аса мән беріп, алдын ала тексеру қажеттілігін ұсынамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1012122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version