Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы «AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалымен бірлесіп Солнечный поселкесіндегі №16 орта мектептің күрделі жөндеуі мен №28 орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысына кезекті көшпелі мониторинг жүргізді.
Мониторингке «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы М. Маликова, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты И. Культуманов, қалалық мәслихат депутаты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Е. Қусан қатысты.
Қазіргі уақытта №16 орта мектепте терезе блоктарын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар киім ілетін орында, кіреберісте және асхананың тамақтану блогында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп аумағын асфальттау да жоспарланған. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда.
№28 орта мектепте шатырды, акт және спорт залдарының төбесін, сондай-ақ спорт алаңын ағымдағы жөндеу жоспарлануда.
Нысандарға жүргізілетін мониторинг жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1011486?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау