Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне кезекті арнаулы және әскери атақтар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен аппараттық кеңесте ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Д. Өразбеков қызметкерлерге азаматтық қорғау саласындағы кезекті арнаулы атақтарды, сондай-ақ әскери атақтарды салтанатты түрде табыс етті.

Атақтар қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жоғары кәсібилігі, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қосқан үлесі үшін берілді.

Подполковник Өразбеков кезекті атақ алу тек жоғары құрмет қана емес, сонымен қатар сенім, жауапкершілік және еңбегін мойындау екенін атап өтті.

Бұл марапаттар жанқиярлық қызметтің, кәсіби шеберліктің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген адалдықтың нәтижесі болды.

Алматы облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1011645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version