Астанада зейнеткерлер Рәміздер күнін ерекше атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік рәміздер күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оған құрмет көрсетілді. Орталықтың зейнеткерлері таңғы жаттығу сабақтарын Мемлекеттік Әнұранды орындаудан бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Орталықтың аудандардағы барлық филиалында қызметкерлер тәуелсіздігімізді білдіретін символикалардың жанында тұрып мемлекеттік әнұранды орындады.

Сонымен қатар, рәміздер күніне орай елордалық зейнеткерлер Тұңғыш Президент музейіне барды. Онда музей қызметкерлері ардагерлерге музейдің әр бұрышында бейнеленген еліміздің әрбір кезеңдерін баяндап, Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұранының туындау тарихы туралы әңгімелеп берді.

Музейге жиналғандар елдің тәуелсіздік жолындағы күресі мен жеңістері туралы мағлұмат алды. Экскурсия соңында айтылған ақпараттар бойынша зейнеткерлерге қызықты сұрақтар қойылып, қонақтардың зейіні тексерілді.

Жалпы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында Мемлекеттік рәміздеріміз – Көк байрақты, Елтаңбаны және Әнұранды ұлықтауға бағытталған тарихи дәрістер, quest, челлендж ұйымдастырылып, сондай-ақ 10-ға жуық патриоттық іс-шара өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1011592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version