Атырауда мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

Ресми рәміздер алаңында өткен іс-шарада Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Жиынға қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов атыраулықтарды атаулы күнмен құттықтап, рәміздердің ел үшін маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Іс-шара Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, патриоттық сезімді нығайту және ұлттық бірегейлікті дәріптеу мақсатын көздейді. Бұл – ұлт рухын көтеріп, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ұлықтайтын тағылымды жиын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1012117?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version