АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ИҚАНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенінде салынып жатқан электрмен жабдықтау нысанының құрылыс барысымен танысты.
Жобаның тапсырыс берушісі — Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүзеге асыруда. Техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелер ретінде «Тұран құрылыс» ЖШС мен «ЖОББЕСТПРОЕКТ» ЖШС бекітілген.
Аудан басшысы мердігер ұйым өкілдерінен жұмыс қарқыны мен сапасы туралы толық ақпарат алып, құрылыс барысын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, белгіленген мерзімде аяқталуы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тапсырды.
Мақсат Таңғатаров ауыл инфрақұрылымын дамыту — аудан әкімдігінің басым бағыттарының бірі екенін айта келе, бұл жоба тұрғындар үшін аса маңызды екенін жеткізді.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1012157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version