Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылдың 4 маусымында «Үздік шиномонтажшы» қалалық студенттік кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Өткізуді ұйымдастырушы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің қолдауымен «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК болды.
Аталған байқауды өткізудің басты мақсаттары – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, шиномонтаж саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту арқылы практикалық дайындық сапасын көтеру, сондай-ақ болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Конкурсқа қалалық колледждердің 6 студенті қатысты.
Студенттер автокөлік дөңгелегімен жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін көрсетті: шинаны шешу, орнату, теңгеру жасау және дөңгелекті орнына қою.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1-орынды – Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Кирилл Русланович Хайбрахманов иеленді.
2-орынды Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Игорь Алексеевич Кондратьевпен Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті Никита Владимирович Широбоков өзара бөлісті.
3-орынға гуманитарлық-техникалық колледждің студенті Александр Александрович Захваткинмен Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті Тимур Амангельдиевич Молдабеков ие болды.
Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/details/1011893?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау