Балалар қуанышы – басты мереке

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алға қаласының орталық саябағында балаларға арналған ерекше спорттық-білімдік шара өтті. Бұл жолы 8–12 жас аралығындағы балалар велосипедпен кедергілерден өту бойынша сайысқа қатысты.

Сайыс тек қана спорттық жарыс ретінде емес, сонымен қатар жолда жүру ережелерін үйретуге бағытталған танымдық шара ретінде де ұйымдастырылды. Балалар арнайы дайындалған алаңда кедергілерден өтіп қана қоймай, жаяу жүргінші жолағынан (пешеход) дұрыс өту, «стоп» сызығына тоқтау, жол белгілерін тану секілді маңызды қағидалармен танысты.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің тепе-теңдік, шапшаңдық, ептілік және жол қауіпсіздігі бойынша білімдерін көрсетті. Бұл балалардың тек физикалық дамуына ғана емес, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға да үлкен септігін тигізді.

Сайыс соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Шараға ата-аналар мен ұстаздар да белсене қатысып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – балалардың спортқа қызығушылығын арттырумен қатар, жолда жүру мәдениетін ерте жастан қалыптастыру болды. Балалар мен ата-аналар шарадан жақсы әсер алып, осындай пайдалы әрі қызықты бастамалардың жалғасын табарына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1011725?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version