Балаларды қорғау күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Луговой ауылында мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында балаларға арналған түрлі ойындар ойнатылып, әндер шырқалып, би биленді. Көңілді кештің шырайын келтірген бүлдіршіндердің шат күлкісі мен қуанышты сәттері көрермендердің көңілін көтерді.

Ауыл әкімі Ж.Өмірқұлов шараға қатысып, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауданымыздың депутаттары Е.Абуталипов, Д.Әльпеисов және Б.Тулековтың демеушілігімен балаларға балмұздақтар таратылып, мереке одан әрі шаттыққа толы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-lugovoy/press/news/details/1011887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version