Басқарма басшысы Шу қалалық емханасында болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Басқарма басшысы Шу қалалық емханасында болды
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде Шу қалалық емханасына жұмыс сапарымен Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек барды. Ол емхананың қызметімен танысып, бірқатар медициналық көрсеткіштерге талдау жасады.
Шу қалалық емханасы 5 қабатты ғимаратта орналасқан. Қабылдау қуаттылығы — күніне 500 адам. Қызмет көрсетілетін халық саны — 40 509 адам, оның ішінде 21 574-і әйелдер, 8 345-і бала туу жасындағы әйелдер, 12 826-сы балалар. Емханада терапия, балалар, әйелдерге кеңес беру, профилактика бөлімшелері, зертхана және басқа да бейінді мамандар медициналық көмек көрсетеді.
Медициналық көрсеткіштер бойынша:
• Қан айналымы жүйесі ауруларының аурушаңдық деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 852,9-дан 2616,0-ға жетті.
• Алайда өлім-жітім көрсеткіші бұл аурудан 4,7%-ға төмендеп, 41,8-ді құрады (2024 ж. – 43,9).
• Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші тұрақты — 19,8, бірақ туберкулезден өлім-жітім 0,0-ден 2,2-ге өсіп отыр.
• Қатерлі ісіктермен аурушаңдық 46,9%-ға төмендеп, 33,0-ге азайды, өлім-жітім көрсеткіші 15,4 деңгейінде өзгеріссіз қалған.
2025 жылдың алғашқы бес айында 341 жүкті әйел есепке алынып, олардың 95%-ы ерте мерзімде тіркелген. 307 нәресте дүниеге келген. 1 жасқа дейінгі балалар саны – 698, тіркелген балалар өлімі – 1 жағдай, көрсеткіші — 1,4 промиль.
Сапар барысында басқарма басшысы Сержан Назарбек емханадағы бірқатар мәселелерді зерделеп, оларды шешу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыру, тұрғындар арасында профилактикалық шараларды күшейту, ерте диагностика мен диспансерлік бақылауды жақсарту қажеттілігі айтылды. Осы бағытта нақты тапсырмалар берілді: мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану, сондай-ақ ана мен бала денсаулығын қорғау шараларын жандандыру.
Бұл сапар емхананың жұмысын жетілдіру және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін арттыру бойынша жаңа міндеттерді айқындауға негіз болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1016686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version