Бір қабатты үйлерді салу үшін әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Риддер қаласының әкімдігімен 2025 жылғы 30 мамырдан 2025 жылғы 5 маусымға дейінгіаралықта Риддер қаласында әкімдік ұсынған жер учаскелерінде бір қабатты 21 үйді сатып алу үшін құрылыс жүргізуге әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс жарияланады, жалпы ауданы 3 280 м2(70 м2 – 12 үй, 85 м2 – 9 үй).
Әлеуетті құрылысшылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
- Әлеуетті жеткізушініңқұрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған лицензиясы болуы тиіс (3 санат).
- Әлеуетті жеткізуші қаржылық тұрақты болуы және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) алты еселенген мөлшерінен асып кеткен салықтық берешегі болмауы тиіс.
- Әлеуетті жеткізуші жосықсыз және банкроттыққа немесе таратылуға жатпайтындар тізімінде болмауы керек.
- Әлеуетті жеткізуші «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның 6-бабына сай болуы тиіс.
*Ескерту:конкурсқа жер учаскесі бар әлеуетті құрылысшылар қатыса алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1011586?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау