Бисмильдин Файзула Бөкейұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, санитария саласындағы маман. 1957 жылы 11 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген. 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитариялық-гигиеналық факультетін «санитариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазақстанда, Ресейде, Арменияда біліктілігін арттырған, сондай-ақ АҚШ, Канада, Германия және Австралияда халықаралық тағылымдамадан өткен. Мемлекеттік басқару академиясының түлегі (2014 ж.).
1981 жылдан бастап санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас санэпид басқармасының бастығы, Астана қаласының бас санитариялық дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігі Департаменттерінің директоры, Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі, ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерін атқарды. ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап — сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ профессоры.
30-дан астам ғылыми жұмыстың, бір монографияның авторы және екі монографияның бірлескен авторы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерекелік және ведомстволық наградалармен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1011736?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау