Облыстағы денсаулық сақтау жүйесі цифрландыру саласында белсенді дамып келеді. Айқын мысалдардың бірі–дәрілік заттардың цифрлық таңбалауын енгізу. Енді 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін шығарылған әрбір препараттың бірегей Data Matrix коды бар. Штрих–код фармацевтикалық өнімдердің ашықтығы, заңдылығы мен сапасының кепілі болып табылады.
Көкше телеарнасында Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті қызметкерлерінің қатысуымен репортаж көрсетілді. Карина Омарғалиева таңбалаудың соңғы кезеңін атап өтті. Таңбалаудың соңғы кезеңіне дәріханалар мен медициналық ұйымдар кіреді. Дәл осы жерде препараттардың соңғы тұтынушыға тікелей берілуі жүреді. Тұтынушы өз кезегінде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген барлық медициналық препараттардың шығу тегін тексере алады, “ Naqty Onim” тегін мобильді қосымшасының көмегімен препараттағы кодты сканерлеу жолын біле алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1011700?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау