Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы «AMANAT» партиясымен бірлесіп әлеуметтік нысандарға көшпелі мониторинг жүргізді. Мониторинг аясында Қоянды ауылындағы №14 жалпы орта білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДШСК) құрылысы қаралды.
Іссапарға «AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы М. Мвликова, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты И. Культуманов, қалалық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Е. Құсан қатысты.
№14 мектептің күрделі жөндеуін «Винтрейд» ЖШС жүргізіп жатыр. Қасбеті жаңартылып, терезелер ауыстырылған, электр жүйесі толық жөнделген. Қазір ішкі әрлеу, абаттандыру жұмыстары жалғасуда: тротуар тастары төселіп, ойын элементтері орнатылуда, спорт алаңы қоршалуда. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Фракция алаңды жарықтандыру және тартан жабындысын төсеуді ұсынды.
ДШСК құрылысына келсек, мердігер «Промжилстройкомплекс» ЖШС қоршау жұмыстарын аяқтап, іргетас құюмен айналысуда. Жоспардан ауытқу жоқ.
Мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1011478?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау