ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Өткен жылы округке қарасты Мамай-Қайыңды және Сөгеті ауыз су жүйесін жүргізу, Қайыңды ауылына медициналық пункт салу, жолдарды жөндеу, мал өлекселерін тастайтын орын салу және көшелерді жарықтандыру бағытындағы жобаларға бюджеттен жалпы 1,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп, жобалар ішіндегі медициналық пункт ел игілігіне берілді. Ал биылғы жылы екі ауылда да ауыз су жүйелері толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Кездесу барысында аудан басшысына тұрғындар тарапынан медицина және ветеринария саласындағы кадр тапшылығы, ауылда футбол алаңын салу, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, көгілдір отын қысымының төмендігі және техникалық қадағалаушылар жұмысының тиімді үйлестірілуі секілді мәселелер көтеріліп, оларға қолданыстағы заңнамалар шеңберінде жауап беріліп, кейбір мәселелер бойынша нақты шешу жолдары қарастырылып, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Одан бөлек, Ернар Есіркепов округ әкімдігі ғимаратының жай-күйі мен ауыл тұрғыны ашқан тігін шеберханасында болып, аталған бастаманы кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелендіру мүмкіндігін қарастыру мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1012102?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау