2025 жылғы 11 маусымда “БЖЗҚ” АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта “Ашық есік күнін” өткізеді.
Іс-шараның тақырыбы: “Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары”.
Ақпаратты неліктен тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алу маңызды? Қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болады? Ақылы кеңес беру қызметін ұсынатын үшінші тараптардан қандай қауіптер туындауы мүмкін? – БЖЗҚ қызметкерлері осы және басқа да сұрақтарға жауап береді, зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары, Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сағат 10:00 де сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc049906090e902285d4dc6406b6775de бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2514 010 0978 және event-кеңестің паролін: 123456 енгізу қажет.
Сағат 12:00 де сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m87ec33bea4e6258bd48f878c175c7a06
бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2516 196 3835 және event-кеңестің паролін: 123456 енгізу қажет.
Сағат 15:00 де сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mcfe127563229b5ee5b128711ab1d07dc
бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2514 113 1380 және event-кеңестің паролін: 123456 енгізу қажет.
“БЖЗҚ” АҚ өз салымшыларын (алушыларын), БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1011961?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау