Кеше Абай облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Абзалбекұлы жұмыс сапарын Жаңасемей өңірінде жалғастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар аясында ол Көкентау, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Абыралы және Қайнар ауылдарының мәдениет ошақтарын аралап, ауылдық клубтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ Алғабас ауылындағы мәдениет үйі мен кітапханаға барып, мекемелердің материалдық-техникалық базасын көріп, жарқыратып, жайнатып отырған мекеме ұжымына өз ризашылығын білдірді.

Қайнар ауылына барған сапарында Мәдениет үйінде өткен көркемөнерпаздар байқауына қатысып, өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1017504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version