Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі науқан – көктемгі егіс жұмыстары өңірде жоспарға сәйкес мерзімінде аяқталды.
Ағымдағы жылы ауа райының қолайлы жағдайы мен шаруалардың жүйелі ұйымдастыруының нәтижесінде агротехникалық талаптар толық сақталып, егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,6 мың га артып, жалпы егіс көлемі 753,1 мың га құрайды. Оның ішінде майлы дақылдар 308,5 мың га, дәнді дақылдар 302 мың га, картоп 5,8 мың га, көкөніс және бақша 3,8 мың га, 133,0 мың га жем-шөп дақылдары шоғырланады.
Жедел деректер бойынша 461,0 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 461,0 мың га) аумақта ылғал жабу жұмыстары аяқталды; егіс алдындағы өңдеу – 506,0 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 506,0 мың га); көктемгі жер жырту – 275,8 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 275,8 мың га) орындалды.
Жаздық дәнді дақылдар (дәнді жүгері қоспағанда) 284,8 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 284,8 мың га), майлы дақылдар 311,6 мың га немесе 101,0% (жоспар бойынша 308,5 мың га) егілді. Жүгері бойынша 7,1 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 7,1 мың га). Өткен жылдардағы күздік дақыл 10,1 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 10,1 мың га). Картоп 5,8 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 5,8 мың га) егілді. Көкөніс және бақша 3,8 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 3,8 мың га) егілді және 133 мың га жем-шөп дақылдары құрап, толығымен аяқталды.
Анықтама: Бүгінгі күні көршілес Шығыс Қазақстан облысы 93,6 %, Павлодар облысында 84,1 %, Жетісу облысында 100 % орындалды.
Заманауи техникалардың қолданылуы, сапалы тұқым және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету де науқанның табысты өтуіне оң әсерін тигізді.
Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану және егістікті сақтандыру тетіктері агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын арттыруға бағытталды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары – субсидиялар, жеңілдетілген несиелер мен жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері уақытылы шешімін тапты.
Енді шаруалар алдағы кезеңде егістікті күтіп-баптау жұмыстарына кірісіп, мол өнім жинауға дайындықты бастады. Егіс науқанын уақтылы және толық көлемде аяқталуы облысымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытудың маңызды кезеңі болып саналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1011510?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау