Май аудандық мәслихатының «Бюжеттің игерілуін бақылау, экономиканы және инфрақұрылымды дамыту» жөніндегі депутаттық тұрақты комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Май аудандық мәслихатының «Бюжеттің игерілуін бақылау, экономиканы және инфрақұрылымды дамыту»   жөніндегі депутаттық тұрақты комиссияның отырысы өтті

 Май аудандық мәслихат                               2025 жылғы 14 мамыр

           Отырыс барысында күн тәртібіндегі 6 сұрақ қаралды:

 1. Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің тамақтану бойынша атқарылған жұмыстар және бөлінген қаражаттың игерілуі туралы, жыл басынан бері бөлінген қаражат көлемі, санитарлық талаптардың сақталуы, ағымдағы жылдың 23 ақпан күні депутаттар тарапынан жасалған ескертпелердің орындалу туралы.

 

  1. Е.Муқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің тамақтану бойынша атқарылған жұмыстар және бөлінген қаражаттың игерілуі туралы, жыл басынан бері бөлінген қаражат көлемі, санитарлық талаптардың сақталуы, ағымдағы жылдың 23 ақпан күні депутаттар тарапынан жасалған ескертпелердің орындалу туралы.

  

  1. Май ауданының білім беру бөлімінің «Ақбота» сәбилер – бақшасының тамақтану бойынша атқарылған жұмыстар және бөлінген қаражаттың игерілуі туралы, жыл басынан бері бөлінген қаражат көлемі, санитарлық талаптардың сақталуы, ағымдағы жылдың 23 ақпан күні депутаттар тарапынан жасалған ескертпелердің орындалу туралы. 

 

  1. Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бөлінетін қаржыны игеру туралы. (күзет агенттігімен келісім шарт, күзет агенттігі тарапынан жұмыс жасайтын қызметкерлердің тізімі).

 

  1. Е.Муқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бөлінетін қаржыны игеру туралы. (күзет агенттігімен келісім шарт, күзет агенттігі тарапынан жұмыс жасайтын қызметкерлердің тізімі, ЖОМ басшылары жеке-жеке баяндама оқиды).

 

  1. Май ауданының білім беру ұйымдарында жемқорлық фактілерінің алдын алу туралы, мекемеде прокуратура, мемлекеттік аудит, тексеру комиссиялары тарапынан жүргізілген тексерістер туралы, тексеріс қорытындылары (Май аудандық білім беру бөлімінің 2022, 2023, 2024 жылғы жұмыскерлердің жұмысқа келуі туралы табельдерінің көшірмесі).                                                                         

Комиссия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Мектептердің және балабақшаның тамақтануы туралы депутаттық комиссиясының тексеруі нәтижесінде бұзушылықтар анықталып,  барлық кемшіліктер жойылды.

Май аудандық мәслихатының аппараты

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-maysk/press/news/details/1011539?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version