МАҚТАНЫШ ПЕН ПАРЫЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АЙТУЛЫ ШАРАМЕН АТАП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Облыстық полиция департаменті ғимаратының алдында орналасқан алаңда барлық бөлімше қызметкері сапқа тұрып, мемлекеттік нышандарға құрмет білдірді. Антқа адалдық пен Отан алдындағы борыштың белгісі ретінде Мемлекеттік әнұран шырқалғанда Қазақстан Республикасының туы көтерілді.

Облыстық полиция басшылығы жеке құрамды маңызды күнмен құттықтап, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – жай ғана рәсім емес, азаматтық кемелдік пен патриоттық сананың көрінісі екенін атап өтті.

– Біздің тәуелсіздігіміздің негізіне айналған Мемлекеттік рәміздер туралы заң 1992 жылғы 4 маусымда қабылданды. Бұл күн ел тарихына бірлік, еркіндік пен абыройдың символы ретінде мәңгілікке жазылды. Біздің туымыз – ұлттың мақтанышы, елтаңбамыз – мемлекетіміздің бейнесі, ал, әнұранымыз – халқымыздың рухының үні. Біз, полиция қызметкерлері, осы тудың астында қызмет етіп, осы әнұранмен азаматтарымыздың тыныштығын қорғап, әрбір мемлекеттік рәміздің бойында жатқан құндылықтарды сақтауда. Туымыз биікте желбіреп, әнұранымыз зор үнмен шырқалсын – бұл біздің бірлігіміздің, күшіміздің және Отанға адалдығымыздың белгісі! Құрметті әріптестер, мерекелеріңізбен! – деді, Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Ақылбек Төлеуов.

Әрбір полицей елтаңба, ту және әнұран – жай ғана мемлекеттік рәміз емес, күн сайын қызметке шыққанда жан-жүрекпен сезініп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты символдар екенін жақсы түсінеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1011909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version