Вера Васильевна Дешко 1955 жылы дүниеге келген, 1976 жылы Қарағанды медициналық училищесін “санитарлық фельдшер” мамандығы бойынша бітірген. Училищені бітіргеннен кейін Нұра санэпидстанциясына, санитарлық дәрігердің тамақтану гигиенасы жөніндегі көмекшісі лауазымына жіберілді. 1987 жылдан бастап санитарлық бөлімде санитарлық дәрігердің тамақтану гигиенасы бойынша көмекшісі болып жұмыс істеген. Вера Васильевнаның жалпы жұмыс өтілі – 39 жыл.
Вера Дешко жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіріп, біліктілікті арттыру және жетілдіру курстарында алған білімдерін практикаға енгізді, нормативтік-құқықтық базаны зерттеді, өз жұмысы барысында қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі, сауда және радиациялық қауіпсіздік объектілерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімін бақылауды жүргізді. Сонымен қатар, Вера Васильевна – ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысушы, ол жастардың тәлімгері болып, лауазымдық міндеттерін адал атқарған білікті маман.
Қымбатты Вера Васильевна, өзіңізге бақыт пен амандық тілейміз! Медицина тек мамандық емес: бұл кәсіп, талант және жұмысқа деген адалдық. Көбінесе медицина -бұл жанқиярлық. Сіз мұны басқалардан жақсы білесіз.
Бақытты болыңыз, денсаулық мықты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1011663?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау