Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды

➤ Бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен.

➤ Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.

❗️Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке төмендегідей шаралар қабылдауды тапсырды:

1. Нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу;

2. Аталған нысандарға заманауи қауіпсіздік жүйесін, соның ішінде газ белгі беру құрылғыларын, сейсмикалық қондырғыларын, позиционирлеу жүйесін және тағы басқа тиісті әдіс-тәсілдерді әзірлеу мен енгізу;

3. Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, нысандарды цифрландыру;

4. Тексеру қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізіп, заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне салынатын инвестиция көлемін ұлғайту жолын қарастыру;

5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдату.

❗️Мемлекет басшысының бұл тапсырмаларын Президент Әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/1011789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version