4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан дәл 33 жыл бұрын, 1992 жылы Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітіліп, еліміздің егемендігі мен бірлігінің символына айналды.
Осы айтулы шараға орай, аудан əкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған жиында сөз алған аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қала жастары мен тұрғындары қатысты.
«4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өткізіліп, мәдениет үйінің өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1011754?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау