Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген құрмет оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары, патриоттары қалыптасады.
Тәуелсіздіктің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздерді қадірлеп,құрмет тұту – әрқайсысымыздың қасиетті борышымыз.
Әрқашан Елтаңбамыздың еңсесі биік, Мемлекеттік Туымыз көк жүзінде қалықтап, әлемдік табыстарымыздың салтанатында Әнұранымыз шырқала берсін.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1011448?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау