4 маусымда Глубокое кентінің Балалар шығармашылығы үйінің алаңындағы басты ту тұғырының жанында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, жастар ұйымдарының өкілдері, оқушылар мен кент тұрғындары қатысты.
Қатысушылар мемлекеттік әнұранды орындады, содан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтерілді.
Салтанатты рәсімде “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” мерейтойлық медалімен аудан белсенділері марапатталды, үздік спортшылар жоғары жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.
Шара кезінде бірқатар музыкалық шығармалар орындалды.
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Ту, Елтаңба және Әнұран-халқымыздың мақтанышы!
Қазақстан гүлденіп, дами берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1011776?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау