МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ НЕГІЗІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті жерлестер!
 
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ұлттық болмысымыздың, рухани тұтастығымыздың көрінісі. Олар – мемлекетіміздің ресми нышандары ғана емес, халқымыздың тарихы мен келешегі арасындағы алтын көпір, елдік пен бірліктің символы.
1992 жылдың 4 маусымында еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны тұңғыш рет ресми түрде қабылданды. Ал 2007 жылы осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданып, бұл күн елдік маңызы зор мереке ретінде тарихқа енді.
Көк Туымыз – бейбітшіліктің, ашық аспан мен ұлттық тұтастықтың нышаны. Қыран бейнесі – еркіндік пен биікке ұмтылыстың белгісі. Елтаңбамыз – мемлекеттігіміздің терең тамырын танытатын тарихи мұра. Әнұранымыз – ұлтымыздың рухын асқақтатып, елге деген сүйіспеншілікті ұялатады.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы. Өйткені олар арқылы біз өз Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін терең сезініп, Отанға деген сүйіспеншілігімізді нығайтамыз.
Қадірлі ағайын!
Бұл – елдігімізді ұлықтайтын, жүректерге отансүйгіштік сезім ұялататын мереке. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, рәміздеріміз әрқашан халқымыздың мақтанышына айнала берсін!
 
Ізгі ниетпен,
Шардара ауданының әкімі Арман ҚАРСЫБАЕВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1011681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version