Маусым айының 12-ші жұлдызында Мұқыр ауылының кітапханасында«Шебер қолдар» үйірмесі аясында «Әжемнен үйренерім көп» тақырыбында ою-өрнек түрлерімен танысу сағаты өткізілді.
Іс-шараға, тұрақты оқырман бүлдіршіндер қатысып, ауылымыздың тұрғыны, ақ жаулықты Зукар әжеміз бен көпбалалы ана Алтынгүл анамыз қонақ болды.
Кітапханашы ою-өрнектер туралы қысқаша ақпарат берсе, қонақ әжеміз мән – мағынасын ашып, өзі тіккен жастық, құрақтарымен таныстырды.
«Өнер сыры өрнекте» атты кітап көрме ұсынылды.
Оқырмандар қызыққан Қ.Әмірғазинның «Қазақ қолөнері» кітабын оқуға алды.
Мақсаты: оқырмандарды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, мән-мағынасын ашу. Мәдениетімізді дамыту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/1016678?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау