Қарағанды облысының санитариялық-эидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы – Болсынай Нұртасқызы Шалысбаеваны зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Болсынай Нұртасқызының санитариялық қызметтегі жалпы еңбек  өтілі 30 жылдан асады. Болсынай Нұртасқызы қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, білікті қызметкер  ретінде көрсетті. Жұмыс барысында өзін ұстауы,  қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде. Жас мамандардың іскерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттерін,  қызметке, ұжымға, азаматтарға қарым-қатынасының    қалыптасуына ықпал жасап,   тәлімгер бола білді.  Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты. Ұжымда белсенді, құрметке ие, ұйымдастырушылық қабілеті зор, мерекелік іс-шараларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын дәріптеуге арналған қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде атсалысады.  

Жоғары кәсибилігі және тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтауға  қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Департамент және  Басқарма басшылығы, Қарағанды қалалық және облыс әкімі атынан мақтау грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталған.

 Сондай-ақ, Астанада  өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген қонақтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қадағалау үшін Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атынан барып, жоғары деңгейде қызмет етті.

COVID-19 пандемиясы кезінде елімізде орын алған санитариялық-эпидемиялық жағдайға байланысты,  індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Басқарма мамандарымен бірлесе отырып, белсене қызмет атқарды.

Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің жаңа сатыға көтерілуіне үлес қосқан еңбегі бағаланып «Ұлт Тұлғасы» энциклопедиясына енгізіліп, «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды.

Болсынай Нұртасқызына көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс айта отырып, Сізге зор денсаулық,  баянды ғұмыр және отбасылық бақыт тілейміз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1011779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version